Жаңалықтар » Қазавиаорманқорғау

Для корректного отображения сайта Вам необхоим Flash Player.

Get Adobe Flash player



МІНДЕТІМІЗ ОРТАҚ - ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні!

Құрметті Қазақстандықтар!

Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Күні - мемлекеттік мейрамымен құттықтаймыз! Осы күні, 27 жыл бұрын, Нұрсұлтан Назарбаев бірінші бүкіл халық сайлау бойынша Ел Президенті болып  жарияланды. Ел басы дегеніміз мемлекеттік билік және халқымыздың бірлігінің таңбасы және кепілі болып келеді, Конституция мызғымастығы, азаматтың құқығы және бостандығы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Әбішұлы  Нұрсұлтан Назарбаев - аса көрнекті мемелекеттік және осы заманның саяси қайраткері, мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  қарқандысын бірегей моделің орныққан, саяси даму, Елбасы, өзінің бар күшін беретін, бәсекеге қабілетті мемлекетті құру дарынды адам. Сондықтан, оның стратегиялық ойына және  көреген саясатына әлемдік көшбасшылар таң қалады, адамдардың шынайы құрметке ие.

Құрметті қазақстандықтар, шынайы сіздерді ерекше мәні бар мейрамымен құттықтаймыз! Зор деңсаулық, бақыт, бейбітшілік және отбасының амандығын, біздің еліміздің өркендеуіне жетістіктер  тілейміз.

Ізгі тілекпен, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы.



Ауыл шаруашылық қызметкерлері Күнімен



«Қазавиаорманқорғау» РМҚК бас директоры Кесимбаев Арман Алдабергенович тағайындау жөнінде бұйрық



«Қазавиаорманқорғау» РМҚК бас директоры тағайындалды

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы К.О. Рыскельдинов мырзаның бұйрығымен 2018 жылдың 30 қазанында «Қазавиаорманқорғау» РМҚК бас директоры  Кесимбаев Арман Алдабергенович тағайындалды.

Кесимбаев Арман Алдабергенович 1975 ж., 5 тамызда Талғар қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің орман шаруашылығының инженер  біліктілігін тәмәмдады. Кейін Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік унивеситетіне құқық қорғау бойынша екінші жоғары мамандығын алды және ұшқыш – бақылаушы курсын өтті.

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Кесимбаев А.А. 1997 жылдан бері жұмыс атқарып келеді.

1997-1998 ж.ж. - «Қазавиаорманқорғау» РМҚК десант- өрт инструкторы.

1998-2001 ж.ж. - «Қазавиаорманқорғау» РМҚК орталық аппараттын ұшқыш-десантшы.

2001-2007 ж.ж. - «Қазавиаорманқорғау» РМҚК  ұшу-өндірістік қызметінің жетекшісі.

2007-2012 ж.ж. - «Қазавиаорманқорғау» РМҚК, әуе бөлімінің командирі.

2012-2013 ж.ж. - «Қазавиаорманқорғау» РМҚК орталық аппараттын ұшқыш-бақылаушы.

2013-2017 ж.ж. - «Қазавиаорманқорғау» РМҚК  ұшу-өндірістік қызметінің жетекшісі.

2017-2018 ж.ж. - «Қазавиаорманқорғау» РМҚК  Бас директордың орынбасары.

2018 ж. қазан айынан бастап  осы күнге дейін  «Қазавиаорманқорғау» РМҚК  Бас директоры.

Құрметті Кесимбаев Арман Алдабергенович!

Сізді «Қазавиаорманқорғау» РМҚК  Бас директор лауазымына  тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің тағайындауңыз - ол Сіздің жоғары сенімділіктің куәсі ретінде және басқарушылық дарынның, еңбекқорлықтың, мақсаттылықтың және Қазақстан Республикасының орман шаруашылығының жүйесінің дамуына өз үлесіңіздің қадірлеуі болып келеді.  Сіздің өмірлік жолыңыз еліктеуге тұрарлық борышын өтетін азаматтың ісі, Отанға деген қызмет ету. Сіздің тәжібиеңіз  нәтижелі басқару және кәсіпқойлық, өзіне қойылған жұмыстарды жауакершілікпен орындау, адамдарға ықыласпен қарау арқасында еліміздің орман шаруашылығының жүйесің дамуы ең өршіл жоспарларды жүзеге асыру себеп болады.

Болжамды жоспарды  сәтті орындауына, зор деңсаулық, сарқылмайтын жігерлік, бақыт және амандық тілеміз Сізге.  Жан жақтағы жолдастарыңыздың және әріптестеріңіздің  шын жүректен  демеуі Сізбен бірге жүрсін.

Ізгі тілекпен, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы.



ӨЗ БАЙЛЫҒЫН ӨЗІ ТОНАҒАНДАР

 

Сексеуіл-құмды шөлдің қорғаны.  Сондықтан табиғат жанашырлары оның жойылып кетпеуінің алдын-алу шараларын үнемі қадағалайды. Жуырда ғана Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, «Қазәуеорманқорғау» мекемесі және аумақтық инспекция мамандары мен табиғатты қорғау полициясының бірлесіп қатысуымен Жамбыл облысындағы, Мойынқұм ауданына әуе рейдін жүргізіп қайтты.

Еліміздің 48 пайызын алып жатқан сексеуіл орманын сақтап қалу аса маңызды. Әлі күнге дейін сексеуілге деген сұраныс жоғары болғандықтан, сұғанақ қолдардан сақтап қалу, бақылауды күшейтуді талап етеді.

Боралдай қаласынан ұшып шыққан  МИ-171 тікұшағы, екі сағаттан соң Мойынқұм ауданының орталығына қонды. Орталықтан жергілікті табиғат полициясы мен аумақтық инспекция мамандары қосылып, сексеуіл ормандарын жоғарыдан бірге бақылады.

Мойынқұм ауданынан бірнеше шақырым қашықтықта «Қазәуеорманқорғау» мекемесінің ұшқыш бақылаушысы сексеуіл тиеп, алып бара жатқан жүк көлігін байқады. Тікұшақ бір айналым жасап, қайта жеткенше, жүк көлігіндегілер сексеуілді тастап үлгерген. Екінші айналымда, жүк көлігін тоқтатуға жерден жергілікті инспекция өкілдері мен әуеден «Қазәуеорманқорғау» мекемесінің тікұшағы қайтадан тоқтатуға шықты.

Әуе кемесімен жарыса қашқан олардың әрекеті, бірнеше сағатқа созылды. Соңында жүк көлігін тастай салған екі азамат жиделі тоғайға қаша жөнелді.

Бірлескен әуе бақылауына шыққан Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторы Леонид Сидоренко мұндай қашу мен із суытып кету тек жергілікті тұрғындардан ғана емес, сол орман шарушалығының қызметкерлерінен, әрі басшылығынан да шығатындығын ашық айтты. Өйткені, олар бақылаудың қалай өтетіндігін, қалай алдаусыратудың тәсілдерін бес саусақтай біледі.

Көз қысты, бармақ бастымен, орман байлығын тонап жатқандардың қолын заң ғана тоқтатуы керек. Сондықтан, кім-кіммен сыбайлас, кім-кіммен саудалас болғанын білу үшін, сексеуіл орманында тәртіпті күшейткен жөн. Сонда ғана, заңбұзушылардың алды кесіліп, табиғат байлығына қауіп төнбейді. Ол үшін аймақтық инспекция мен табиғат полициясына да бақылау болғаны жөн. Бұл туралы бізге орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтып берді.

Ал, Алматы облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы Жалғасбай Омаров: «Олардың тастай салған жүк көліктерінен сексеуіл орманы шаруашылығының картасы табылды. Онда берілген кварталдар көрсетілген. Мүмкін, орман шаруашылығының жұмысшы болды ма, әлде басқа ма, білмедім. Мұндай қашу деген сирек болатын жағдай. Көліктен табылған айғақты заттар мен ұялы байланыс телефон арқылы оларды табу қиын бола қоймас. Мойынқұм өңірінде осындай деректер көп екен. Бүгін соған көзіміз жетіп отыр»,-дейді. Жалғасбай Омаровтың айтуынша, тікұшақ бақылауынан қашқан жүк көлігінде шамамен 9 кубтық сексеуіл болған. Ал сол күні Мойынқұм аудандық Ішкі істер бөлімінде қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер анықталған.

Сексеуіл ағашының қалыпты өсуі үшін 35-50 жыл қажет. Сондықтан, оны кесу мен саудалау, барып тұрған қылмыс. Өз байлығын өзі тонайтын жергілікті тұрғындардың әрекеті қай жағынан алғанда да, жөнсіз, әрі заңсыз. Сондықтан, бақылауды күшейту уақыт күттірмейтін мәселе.

Шу өзені бойындағы Жусандала мен Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалысында да заңсыз жүргендердің қарасы көп. Әуе бақылауының екінші күнінде, аталған аумақта бірнше заңсыздықтар анықталды. Аңдасай қаумалысында заңсыз мылтықпен жүру, балық ауларының болуы және рұқсат қағаздарының болмауы бойынша бірқатар азаматтарға әкімшілік айыппұлдар толтырылды.

-Шу өзенінің бойындағы табиғи аумақта ұсталған азаматтарға әкімшілік кодекстің 383-бабының 3-тармағымен айыпұл жазылды. Айыппұлды сот шешеді. Егер заңсыз аң аулаушылардың іс-әрекеті дәлелденсе, сот шешімі бойынша оларға 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін,-дейді Оңтүстік Балқаш аумақтық инспекциясының басшысы Бақтыбай Төлеубаев.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

«Қазақ газеттері» ЖШС

Жамбыл облысы
http://kazgazeta.kz/?p=75610



2018 жылдың 28 қазанында профилактикалық дәріс өтті

2018 жылдың 28 қазанында ақпараттық хабар тарату бағдарламасы аясында И.Н. Бакиров Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің келушілерінің арасында «Ормандарды өрттен қорғау» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Дәріс барысында қатысушылар орманда өрт сөндіру, орман өрттерін анықтау жөніндегі іс-шаралар, орманға барған кезде санитарлық нормалардың сақталу ережелері туралы ескертулермен танысты.


Алматы облысында заңсыз аң атып, балық аулағандар ұсталды



Биылғы 9 айдың көрсеткіші бойынша елімізде заңсыз аң атып, балық ұстаған 6 мыңға жуық адам әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Ал олардың әрекетінен табиғатка келген шығын 81 млн теңгеге жетті. Балқаш пен Іле атырабына мылтық асынып, айдынға қармақ салушылардың саны артуда. Көбісінің аңшылық пен балықшылыққа арнайы рұқсаты жоқ.
«Балқаш пен Іле атырабын тікұшақпен тінту керек. Өйткені көлікпен браконьерлерді ұстау өте қиын», – дейді инспекторлар. Бұл тексеріске «ҚазәуеОрманҚорғау» мекемесінің Ми-8 тікұшағы қолайлы.
Іленің жағасына келіп, балық аулауды ермек қылғыңыз келді екен, онда арнайы екі мың теңге тұратын лицензияны сатып алып, дәл осындай қармақпен 10 келіге дейін балықты аулауыңызға рұқсат. Ал егер ол болмаған жағдайда, табиғатты қорғау инспекторларының қармағына өзіңіз түсіп қалуыңыз әбден мүмкін.
Инспекторлар Балқаш ауданына қарасты Балатопар ауылының жанында еш алаңсыз балық ұстап отырған екі азаматтың үстінен түсті. Құжаттарын тексере келгенде оларда арнайы рұқсат болмады.
Олег Марюхин, Алматы қаласының тұрғыны:
- Дәл осында балық ұстауға болмайтынын білмедім. Ешқандай белгіні  көрген жоқпын. Ғаламтордан оқымадым.
Әрине, елімізде кез келген адамға өзен-сулардан 5 келіге дейін балық аулауға рұқсат. Бірақ ол табиғи қорғау аймағы болмауы тиіс. Сондай ережені біле тұрып, «білмедім, көрмедім» деп кінәсін мондамаған азаматқа балықты рұқсатсыз аулағаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айппұл салынды. Бұдан бөлек оның көлігінің қасынан мылтық та табылды. Суда жатқан өлі қырғауылды алып үлгермеген аңшылар мылтықты өздерінікі екенін мойндаудан бас тартты. 
Леонид Сидоренко, Алматы қалалық жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының басшысы:
- Мылтықтың маркасы – ИЖ-18, калибрі – 12. Жергілікті тұрғынның қалтасынан екі оқ табылғанымен, ешқандай құжаты жоқ. Енді оны аудандық ішкі істер бөліміне жеткіземіз.
Іле өзенінің арналары – аңшылардың сүйікті аймағы. Мұнда қырғауыл, дуадақ пен үйректер жиі кездеседі. Күзде құстар әбден семіреді. Балғын да тәтті етті аңсаған аңшылар көп жағдайда оларға заңсыз оқ атады. Ал бұл табиғатқа орасан зор шығын.
Сәкен Ділдахметов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:
- Биылдың өзінде 7428 рейдтік жұмыстар жүргізіліп, 6 426 табиғат заңнамасын бұзушылық анықталды. 5855 адам әкімшілік жазаға тартылды. Осы шаралардың шығыны 8 млн 900 мың теңгені құрайды.
Әуеден барлау мен бақылаудың артықшылығы көп. Осындай рейдтер кезінде аңшылар ешқайда қашып құтыла алмайды. Тіпті, сексеуіл бұтарлаушылар да қолға түсіп жатады. Алайда бұл жолы ондайлар көзге түспеді. Дегенмен балықты рұқсатсыз аулағандардың барлығына Әкімшілік кодекстің 383-бабының 1-тармағымен хаттама толтырылды. Балыққа барғанда тиісті мекемеден рұқсат қағазын алу керектігін ескеру керек әрдайым.
Авторлары: Алмас Садуақас, Ерлан Әбжанов



ИНСПЕКТОРЛАР ӘУЕДЕН БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

Табиғат байлығына заңсыз қол сұғу елімізде әлі күнге дейін тыйылмай тұр. Браконьерлермен күрес те тәртібінде. Күні кеше ғана, «Қазәуеорманқорғау» мемлекеттік мекемесі тікұшағы көмегімен еліміздегі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, облыстық аумақтық инспекциялар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Бақанастан — Балқашқа дейінгі табиғи аймақты әуеден бақылады.
Заңсыз балық аулау, аң ату, өсімдік жинау алыс аймақтарда жиі орын алады. Сондықтан, бұл заңсыздықты ауыздықтау үшін әуе бақылау жұмыстарын да қатар жүргізеді.
«Қазәуеорманқорғау» РМҚК-ның аға-ұшқыш бақылаушысы Талғат Алиевтің айтуынша, әуе бақылауының жүргізілуі браконьерлердің заңсыз іс-қимылдарына біршама тосқауыл жасайды.
Кезекті әуе рейді барысында бірқатар заңсыздықтар әшкереленді. Қалың қамыс пен арнасы қысқа көлдердің арасында жол талғамайтын көліктерімен жайғасқан браконерльердің біразы ұсталды. Ең өкінішістісі, тікұшақты көре сала, қаруларын тығып,  балықтарды суға жіберіп үлгергендері де бар. Бірақ, кәсіби инспекторлар қалың қамыстың өзінен қаруды да, тыққан балықты да тауып алды. Соңынан, ұсталған азаматтарға  хаттама толтырылып, айыппұл жазылды.
Заңның осал тұстарын біліп алған, кәсіби браконерльер инспекторлардың жұмысына біраз кедергі келтіргенімен, нақты айғақтар табылып, олардың заңнан құтылып кетпеуіне тосқауыл болды. Дегенмен, төңірегін қоқысқа толтырып, ластап тастаған табиғат қаскөейлеріне тек заңсыз балық аулау және құс ату дерегі бойынша ғана айыппұл жазылды.
«Демалып отырмыз,-деген азамат маңындағы қамыс арасынан қару табылды. Ал суда жаңадан атып өлтірілген қырғауыл жатыр. Жергілікті тұрғынның қалтасынан қару оғы табылды. Енді полиция арқылы іс сотқа жіберіледі», -дейді Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторы Леонид Сидоренко.

Әлімжан МҰСАЕВ, Төменгі Іле инспекциясының бас маманы:

-Іле өзенінің арнасынан балықшыларды көрдік. Тексеру барысында 5 қармағы бар, балық аулайтын рұқсат қағаздары жоқ азаматты,  әкімшілік кодекстің 386-бабының 1 тармағымен хаттамаға толтырдық. Енді бұл кісі жауапқа тартылады. Айыппұл көлемі- 12025 теңге болады. Бұл айыппұлды жеті күн ішінде төлемесе, 24050 теңге төлеуіне тура келеді. Негізі қала тұрғындары заңды жақсы біледі және заңды бұзады. Ондай жағдайлардың барлығына біз тиісті жаза қолданамыз. 

Сәкен Ділдахмет, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:

-Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, облыстық аумақтық инспекциялар, «Қазәуеорманқорғау» және «Охотзоопром» мекемелері жыл бойы еліміздің орман қорын, жануарлар дүниесін, сонымен қатар су айдындарында балықтарды заңсыз браконьерлерден қорғау бойынша рейдтік жұмыстар жүргізеді.
2018 жылдың 31 қыркүйегіне дейінгі дерек бойынша, биылдың өзінде 7428 рейдік жұмыс өткізілді. Ал 6736 табиғат заңнамасын бұзушылық анықталып, 5855 адам әкімшілік жазаға тартылды. Табиғат заңнамасын бұзған шығын көлемі — 80 млн. 900 мың теңге құрайды. Бүгінгі күнге дейін 68 млн. теңге мемлекет қазынасына игерілді.

Бұл бақылаудың басты мақсаты — еліміздің өсімдіктер және жануарлар дүниесінің сақталу, өсімін молайтуға бақылау жүргізу және әрбір су айдындарында, елді-мекендерден заңсыз аңшылыққа, заңсыз балық аулауға шыққан азаматтарды заң бойынша жазаға тарту. Бұдан бөлек, комитет тарапына қатысты әрбір жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, елмен, халықпен кездесулер өткіземіз. Алдын алу шараларын ұйымдастырамыз. Халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жауапкершіліктің мәнін түсіндіреміз. 2016, 2017 жылғы көрсеткіштермен салыстырсақ, браконьерлік бойынша заң бұзушылықта айтарлықтай өзгерістер жоқ.

Еліміздің аудандары өте үлкен. Сондықтан мамандар саны жеткіліксіз. Мысалы, кейбір инспекторлардың бақылауына 100, тіпті 500 гектар жер беріледі. Оның барлығын бір күнде бақылау, тексеру мүмкін емес. Соған қарамастан, мамандарымыз табиғат байлықтарын қорғау жұмыстарын тиянақты түрде жүргізуде.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ, «Қазақ газеттері» ЖШС



АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ АҢ ЖӘНЕ БАЛЫҚ АУЛАУШЫЛАРҒА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Браконьерлер құрықталды. Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары өткізген рейд кезінде табиғатқа залал келтіргендер оқиға орнында ұсталды. Жалпы, жыл басынан бері табиғатты қорғау саласында 550-ден астам заң бұзу фактісі тіркелді. Келтірілген шығын көлемі 5 млн. теңгеге жуық. Бұл жолы Мемлекеттік инспекторлар мен Табиғатты қорғау полициясы Қаратал өзенінің бойы мен Балқаш көліне дейін шолып өтті. Санаулы минутта Үштөбе қаласының маңындағы күріш алқаптарында қырғауыл атуға шыққандар құрықталды. Тікұшақ қонғанша атып алған олжасы мен қаруды қамысқа жасырып үлгерген. Азаматтың аңшылық кітапшасы мен қаруының құжаттары бар болғанымен, белгіленген аймақта аң-құс атуға рұқсаты болмай шықты. Хаттама толтырылып, қырғауыл мен мылтық тәркіленді.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
- Осындай әуе кемесі арқылы жасалған рейдтік шаралар өз нәтижесін беруде. Табиғат қорғаушылардың айтуынша, жылдан-жылға заң бұзу фактілері азайып келеді. Бұл өз кезегінде түз тағысының санының артуына үлес қосуда. Ал, Лепсі өзенінің Балқаш көліне құяр тұсында заңсыз балық аулаған азамат ұсталды. Ол ешбір рұқсат құжатсыз 44 келі ақмарқа аулаған.
Ринат Құмашев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:
- 587 жеке тұлға заңсыз аң аулағаны үшін және балық орман қорларын заңсыз пайдаланғаны үшін ұсталып, олардың үстінен әкімшілік істер қозғалып, 6 млн. теңгеге жуық айппұл салынды. Табиғат қорғаушылардың айтуынша, қазір браконьерлер мұздай қаруланған. Байланыс құралдары, әуеден бақылау камерасы және жол талғамайтын көліктер олардың ізіне түсуді қиындатады.
Юрий Тоқтаров, Қаратал аудандық ІІБ Табиғатты қорғау полициясының инспекторы:
- Әрқайсысында радиостанция бар десе болады. Қолдарында жерсеріктік байланыс бар. Біз бір жерде тексеру жүргізіп жатсақ, олар екінші жерді ескертіп үлгереді. 10 айда заңды белшесінен басқан 10 адамға қылмыстық іс қозғалды. Екі азамат сотталды. Тағы екеуінің ісі қаралып жатыр.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 11

Артқа


Алға

Алматы қ.,Горная 259 көш.
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: airbar@list.ru

Яндекс.Метрика

РМҚК-ның "ҚАЗАВИАОРМАНҚОРҒАУ" ресми сайты© 2011-2018. Барлық құқықтар қорғалған.
Сайттың мәліметтерін қайта басуға және пайдаланұға тек қана сайттың әкімшілігінің келісімі
бойынша рұқсат берілген.