2019 жылы 9 қазанда "Бурабай" МҰТП, Котаркөл орман шаруашылығының 7 кварталының аумағына өткен өрт табылды. Өрт апатымен күреске Бурабай авиациялық бөлімшесінің және "Бурабай" МҰТП күштері мен құралдары тастанды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.01 га кіші алаңда жойылды. Өртті ауыздықтауға және жоюға: Боровской авиациялық бөлімшесінің тікұшағы мен 2 өрт сөндіруші-десантшысы, "Бурабай" МҰТП 12 адамы, 3 техника жұмылдырылды.

2019 жылдың 8 қазанында КММ «Аққөл ООШ» Ақкөл орман шаруашылығының 109 кварталына қауіп төніп тұрған өрт анықталды. Өрт апатымен күреске Ақмола авиациялық бөлімшесінің және "Ақкөл ООШ" КММ күштері мен құралдары жіберілді. Жаттыққан  іс-әрекеттердің күшімен өрт тоқтатылды, Мемлекеттік орман қорына төнген  қауіп алынды. Өрт 0,01 га аумақта жойылды. Өртті ауыздықтауға және жоюға Ақмола авиациялық бөлімінің тікұшағы мен 5 өрт сөндіруші-десантшысы, "Ақкөл ООШ" КММ 8 адамы, 4 техника жұмылдырылды.

2019 жылы 8 қазанда "Кеңес" ҚММ Күзған орманшылығының 91 кварталында өрт табылды. Өрт апатымен күреске Ақмола Авиациялық бөлімшесі мен "Кеңес"КММ күштері мен құралдары жіберілді. Жаттыққан іс-әрекеттердің күшімен өрт тоқтатылды, Мемлекеттік орман қорына төнген қауіп алынды. Өрт 1 га аумақта жойылды. Өртті сөндіруге Ақмола авиациялық бөлімінің тікұшағы мен 6 өрт сөндіруші-десантшысы, "Кеңес" ҚММ 9 адамы, 5 бірлік техника жұмылдырылды.

2019 жылдың 8 қазанында Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы МҰТП орман қорғау және өсімін молайту бөлімінің бастығы Е. Құрманғалиевпен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында күзетілетін аумақты аралап шықты. Авиарейд барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.

2019 жылы 8 қазанда Көкшетау авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Куйбышев ҚМУ және Бұқпа аумағында, Густорощин орман шаруашылығының 155 кварталында өрт шыққанын тапты. Өрт апатымен күреске Көкшетау авиациялық бөлімінің, Куйбышев ҚМУ және Бұқпа күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге 1 тікұшақ және Көкшетау авиациялық бөлімінің 6 өрт сөндіруші-десантшысы, Куйбышев және Букпа ҚМУ-нің 20 адамы, 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт 2 га көлемінде жойылды.

2019 жылы 7 қазанда Өскемен авиациялық бөлімшесінің мамандары табиғатты қорғау полициясы өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында күзетілетін аумақты аралап шықты.

Авиарейд барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды - Қызыл кітаптағы балықты заңсыз аулау. Қызыл кітаптағы балықты заңсыз аулау аулау фактісі бойынша барлық материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Алтай қаласының АІІБ-не берілді.

Сол  күні Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында заңсыз балық аулауды жүзеге асыратын қорық аумағындағы топ ұсталды. Оқиға орнына Теректі кенттік полиция бөлімінің жедел тобы жеткізілді.

Тексеру кезінде заңсыз аулау өнімдері, аулау құралдары және тіркелмеген қарудың бір бірлігі табылды. Бұл ретте, топ көлік құралын жүргізу құқығына құжаттары жоқ үшінші тұлғаға тиесілі автомашинада орын алған.



https://khabar.kz/ru/novosti-ru/item/116214-itogi-dnya-21-00-ot-08-10-2019

2019 жылы 7 қазанда Боровской авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында, мемлекеттік қор жерлерінде "Бұқпа"КШБ Самарбай орманшылығына қауіп төніп тұрған өрт табылды. От апатымен күреске Боровской авиациялық бөлімшесінің, КММ "Бұқпа"КШБ, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге: 1 тікұшақ және Боровской авиациялық бөлімшесінің 3 өрт сөндіруші-десантшы, "Бұқпа" КМУ және МӨСБ қызметкерлері, 6 бірлік техника жұмылдырылды.
2019 жылдың 5 қазанында Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақмола облысының табиғатты қорғау инспекциясы және Ақкөл ауданының ӨПК өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында күзетілетін аумақты аралап шықты.

Авиарейд барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың екі фактісі анықталды-жас қарағай ағаштарын қазып алу және аң аулау ережелерін бұзу. Табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері бойынша хаттамалар жасалды.

2019 жылдың 5 қазанында Бородулиха филиалы, Қамысты орман шаруашылығының 115 кварталы аумағында шыққан өрт табылды. От апатымен күреске Бородулиха Авиациялық бөлімшесі мен Бородулиха филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге тікұшақ пен Бородулиха авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Бородулиха филиалының 5 адамы, 2 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт кіші алаңда - 0.01 га жойылды.

2019 жылғы 19 қыркүйекте халықты ақпараттандыру бағдарламасы шеңберінде АӨК-нің нұсқаушысы С. К. Мусин Бесқарағай ауданының ХҚКО-да өртке қарсы тақырыпта профилактикалық дәріс өткізді. Ұйым қызметкерлері орманда отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманда адасқан іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барғанда санитарлық нормаларды сақтаумен танысты.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға