

2019 жылдың 20 қыркүйегінде Катон-Қарағай авиациялық бөлімшесімен күзетілетін аумақта авиациямен қарауылдау барысында Черновин орман шаруашылығының 139 кварталында, "Катон-Қарағай" МҰТП, өрт табылды. Өрт апатымен күреске Катон-Қарағай авиациялық бөлімшесінің және "Катон-Қарағай"МҰТП күштері мен құралдары жіберілді. Өрт 0,001 га аумақта жойылды. Өртті сөндіруге Катон-Қарағай авиациялық бөлімшесінің тікұшағы мен 4 өрт сөндіруші- десантшысы, "Катон-Қарағай"МҰТП-ның 14 адамы жұмылдырылды.
Сол күні дала және орман өрттері
табылды. Дала өртін аралау барысында қыстаққа қауіп төніп тұрғаны
анықталды. Өрт орнына өрт сөндіру құралдары бар өрт сөндіруші
десантшылар отырғызылды. Тұрғын үй қыстауы өрттен құтқарылды. Өрт туралы
ақпарат орман иеленушіге және ТЖБ өрт сөндіру қызметіне берілді. Күзетілетін
аумақты одан әрі аралап шығу барысында Қарқаралы МҰТП Горный орманшылықтың 6
кварталындағы өрт табылды.
От апатымен күреске Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің және Қарқаралы МҰТП күштері мен құралдары тастанды. Өртті сөндіруге тікұшақ пен Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің 3 өрт сөндіруші-десантшысы, Қарқаралы МҰТП-ның 10 адамы, 1 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.0005 га кіші алаңда жойылды.