РМҚК «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» (бұдан былай Қазавиаорманқорғау) негізгі қызметінің түрлері ҚР аумағында ормандарды авиациямен өрттен қорғауды жүзеге асырады, аурулар мен зиянкестерден қорғап орман шаруашылығына қызмет көрсетеді.

Қазавиаорманқорғау кәсіпорынының жарғысымен белгіленген төменде көрсетілген қызметтерді атқарады:

- Орман заңнамаларын бұзушыларды табу және жол бермеу, орман өрттерін уақтылы тауып және қолма-қол өшіру;
-Ормандармен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын сақтау және қорғау бойынша жұмыстар жүргізу;
-Ормандардың қалыптан ауытқуынан (патология) бақылау жасау, зиянкестер және аурулармен күрес жүргізу бойынша авиахимиялық жұмыстарды орындау;
-Орман, аңшылық және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қажетіне қарай ұшуларды орындау;
-Ормандарды өрттен қорғау, сақтау және жануарлар әлемі саласында жарнама ақпарат тарату іс-әрекеттерін ұйымдастыру, жергілікті тұрғындар арасында жаппай үгіт-насихат түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

 Қазақстанда авиаорман қорғауды құрудың қысқаша тарихы
.

Қазақстанда авиациамен орман қорғау 1948 жылы өрт қауіптілігі аса күшті үш облыста басталды: ШҚО, Павлодар және Семей. Жерден өртке қарсы қызмет ұйымдастырылуына байланысты (ӨХС және басқа нысандар ) авиашолғындау 1960 жылы Павлодар жэне Семей облыстарында уақытша тоқтатылды. 1962 жылы авиаорманқорғауға жұмсалған қаражат 52 мың сом болды. Екі жылдан кейін авиашолғындау 4,8 млн га алқапта қайтадан жаңартылды. 1970 жылдардың басында орман қорғау жұмыстары аса бағалы және өрт қауіптілігі күшті қылқан жапырақты ормандарда 5,2 млн га алқапта 11 авиабөлім күштерімен 8 МИ-1 тіқұшақтарын, бір МИ-2 және екі АН-2 ұшақтарын қолданып жүргізілді. Барлық авиабөлімдер Батыс-Сібір авиазвеносына (Новосибирск) бағынды. 1972 жылы құрылған Батыс-Сібір авиабазасының Қазақ авиауданы сол уақытта осы қызметке қойылған талаптармен міндеттерге толық жауап бере алмады. Жергілікті халықтардың, демалушылардың Қазақстан ормандарына үздіксіз келушілердің саны өсуіне байланысты және олардың экологиялық білімдерінің жеткіліксіздіктерінен орман өрттерін және олардың алқабын қолда бар құралдармен, күштермен азайту төтенше қиын кейде тіптен мүмкін болмады. Сондықтан 1978 жылы Республикада тәуелсіз арнайы қызмет- Қазақтың авиациаменорманқорғау базасын (Қазавиаорманқорғау) құру туралы шешім кабылданды.
Алматы, Талдықорған және басқа облыстарда жаппай орман өрттері тұтанғанда авиаөрт қызметі өте күрделі жағдайда сұрапыл өртпен күресудің жоғары деңгейдегі ұйымшылдық іскерлігін бірнеше рет көрсетті.
1980 жылдардың аяғында (1989ж.) 14 авиаөрманқорғау бөлімшелерінің(Алматы, Орал, Талдықорған, Петропавл, Көкшетау, Бурабай, Целиноград, Қарағанды, Павлодар, Семей, Ленинагорск, Зырьяновск және Қатон-Қарағай авиабөлімі ) 6,5млн га астам орманды күзетті. Авиашолғындау және орман өрттерін өшіруге Қазавиаорманқорғау Азаматтық авиациа бөлімшелерінен 29 әуе кемесін жалдады.
Осы уақытқа барлық жиынтығымен қызмет көрсетудің балама мекемесі (фирма) «Қазавиаорманқорғау» мекемесінен басқа Республикада ешкім жоқ. Авиакомпаниялардағы МИ-2, МИ-8, МИ-171 тік ұшақтарын пайдалану жалғасып жатыр. Қазавиаорманқорғау шет елдік ұшу аппараттарының басқа Белл-206, МD-600, ЕС-120-В, ВО-105 түрлерін пайдалануға көшіп жатыр. Советтер одағының тарқауына байланысты экономикалық дағдарысқа
ұшырағандықтан орман авиациалық жұмыстарын қаржыландыру 8 есе қысқартылды. Мұның әсері барлық ұшу сағаттарын жылына 7-8мыңнан 300-2000 сағатқа дейін қысқартуға әкеліп соқты. (1985 жылдан 1992 жылға дейін). 2003 жылдан осы уақытқа дейін ұшү сағаты біркелкі 6200-9000 сагат жылына.
Авиаөртқызметі жаппай орманөрттері тұтанғанда өте күрделі жағдайларда сұрапыл өртпен күресудің жоғары деңгейдегі ұйымшылдық іскерлігін бірнеше рет көрсетті.
Авиациаменорманқорғау орман шаруашылығы іс-тәжірибесіне берік кірді және Қазақстан орманды аудандарында өртке қарсы шаралар жүйесінде жетекші орын алды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға