РП-18 "Ермак" иыққа аспалы орман өртсөндіргіш – ормандағы төменгі өрттерді сумен және су химикат ерітінділерімен (суландырулармен) төменгі өрттерді, әлсіз және орташа қарқынды өрттерді сөндіруге, сондай-ақ "дымқыл жолақтар"күйдіру әдісімен жүргізу жасау кезіне арналған.

Иыққа аспалы орман өрт сөндіргіштер өздерін қиын, арнайы техника жету мүмкін емес жерлерде өрт немесе жану көздерін сөндіру кезінде жақсы танытты.

Орман өрт сөндіргіш резервуары  көлемі 18 л. су өткізбейтін резеңкеленген жұмсақ ыдыстан жасалған, ол аралас матадан жасалған қапқа орналастырылған. Сыйымдылыққа резеңке шланг қосылған, өз кезегінде оған гидропульт қосылған.

Өр сөндіруші-десантшының арқасын суықтан қорғау үшін сөндірушінің арқасына сүйенетін РП-18 қабырғасы пенополиуретаннан жасалған төсеумен жасақталған.

РП "Ермак" және ауаүрлеуші-сушашүші көмегімен өртті сөндіруі.

Арқаға түсетін жүктемені болдырмау және  ыдыстар жанына таймау үшін ИАОӨ-ің кең жұмсақ иық белбеулер құлпы бар бел және кеуде тармақпен толықтырылды.

Өрт сөндіргіштің мойнында өлшейтін стақан тормен орналасқан, су құю кезінде арнайы жұмсартушы, салқындатушы ерітінділерді араластыру және сүзу үшін пайдаланылады.

"Ермак" ИАОӨ-ің гидропультының сырты дюраль қосымынан жасалуы мүмкін, никель-хроммен қапталған әлде соққыға төзімді поливинилхлорид пластмассасынан жасалған (ішкі бөлігі) білігімен.

Гидропультың жақсы жағына  жинақы ағыстан бүркеуге оңай қосылатын,   сондай-ақ  жұмыс циклдар үзілістер  арасында  жұмыс сұйықтығын жабатын жабу клапанның гидропультың ішіне кірістірілген түпнұсқалы конструкциясының қарапайым және ыңғайлы форсунканы   жатқызуға болады. Көбікшығару саптама барлық қолда бар көбікшығару  сұйықтықтармен  жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «QAZAQSTAN» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын Шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
 
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
 
 
Қайырмасы:
 
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
 
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
 
Қайырмасы:
 
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

  2018 жылдың 21 ақпанында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» РММ-де өрт қауіптілігі маусымына дайындық мәселесі бойынша жиналыс өтті. Жиналысқа Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің, Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу агенттігінің орман шаруашылығы басқармасының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік орман иеленушілері қатысты.

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК кәсіпорнының атынан жиналысқа Қарқаралы авиатобының аға ұшқыш-бақылаушысы Т.В.Плотников қатысты.


Бас директордың орынбасары А.А.Кесимбаевтың баяндама оқу кезеңі,(ортада) бас директордың м.а. И.А.Абуев, Алматы облыстық аумақтық инспекция бөлімінің жетекшісі Л.П.Сидоренко.

   2018 жылы 8 ақпанда «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-да «2017 жылғы өрт қауіптілігі маусымының қорытындысы туралы» жиналыс өтті. Жиналысқа бас директордың м.а. И.А.Абуев, бас директордың орынбасары А.А.Кесимбаев, Алматы облыстық аумақтық инспекция бөлімінің жетекшісі Л.П.Сидоренко, кәсіпорын бөлімінің жетекшілері және орталық аппараттың ұжымы қатысты.

   Жиналыста бас директордың орынбасары А.А.Кесимбаев, бас бухгалтер А.С.Тулепбергенова, аға ұшқыш-бақылаушылар Т.Т.Алиев және М.К.Базарбеков 2017 жылдың өрт қауіптілігі маусымының қорытындысы туралы, және туындаған мәселелермен кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы баяндама оқыды.

    Кәсіпорынның негізгі қызметінің басты мәселесі тікұшақ қызметтерін ұсынудың мемлекеттік органдардың және бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың бірыңғай операторы болып табылатын «Қазавиақұтқару» АҚ-ның қызмет көрсету сапасына ерекше назар аудару болды.

    Бас директордың м.а. И.А.Абуев жиналысты қорытындылай келе, кәсіпорын бөлімінің жетекшілерімен барлық авиабөлімшелердің ұйымшылдық танытып жұмыс жасауына байланысты кәсіпорын алға қойған мақсаттарының бәрін толық көлемде орындап шыққанын атап өтті. Кәсіпорынның негізігі көрсеткіштерін әрі қарай жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алымдар бойынша әуе кемелерін жалға алу үшін рәсімдер жүріп жатыр, бұл, өрт қауіптілігі маусымы басталғанға дейін техниканың уақытында дайын болуы.

Құрметті Қазақстандықтар!

   Сіздерді келе жатқан Жаңа 2018 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Құттықтай отырып баршаңызға келе жатқан жаңа жыл, барлық істеріңізбен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстарға кенелтіп, жанұяларыңыздың денсаулығы мықты болып, бақытымен байлағын ала келіп, береке бірлік орнасын! 

 Ізгі тілекпен, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы.

 

Құрметті Қазақстандықтар!

     Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілей отырып, алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуы мен жоспаларыңызбен жаңа идеяларыңыздың жүзеге асуына тілектеспіз!

Ізгі тілекпен, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы.



Құрметті Қазақстандықтар!

   Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілей отырып, алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуы мен жоспаларыңызбен жаңа идеяларыңыздың жүзеге асуына тілектеспіз!

Ізгі тілекпен, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы.

     Алматы облысында «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркі жұмысшылары, Алматы облыстық орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарымен бірлескен авиабақылау жұмыстары жалғасып жатыр, -деп хабарлайды «Айқын.кз» тілшісі.

Кезекті әуе бақылау шарасы Іле Алатауынан бастап, Күнгей Алатауына дейінгі аумақты қамтыды. «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның аға-ұшқыш бақылаушысы Талғат Аливтің айтуынша, бүгінгі шара, заңсыз аң аулауға шыққан браконьерлерді табу, анықтау және аң аулаудың алдын-алу мақсатында жүргізілген.

Тікұшақ көмегімен орындалған шара Талғар, Түрген, Асы, Саты, Көлсай, Құрметі елді-мекендерінің үстінен бақыланды. Шара барысында, аңшылардың іздері табылмады. Әуе бақылауында, Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркінің аумағында тұрғызылып жатқан киіз үй тексерушілердің назарына іліккенімен, олардың тау-шаңғы курорты аймағын жобалаушылар екендігі белгілі болды.

Сол сияқты, Саты ауылының жоғары жағындағы жайлауда тұрған көлік иелерін тексергенімен, олардың тек ауыл маңынан ұзап кеткен қойларын іздеп шыққан жергілікті тұрғындар екені анықталды. Жұмыс күнінің қорытындысы бойынша, таулы аймақтан ешқандай заңбұзушылық деректері анықталмады.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ, суреттерді түсірген автор.

Алматы облысы

https://aikyn.kz/2017/11/25/34497.html

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға