2020 жылдың 10 мамырында Бородулиха авиациялық бөлімшесінің қызметкерлерімен өрт анықталды
2020 жылғы 10 мамырда Бородулиха авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік орман қорына іргелес әкімдіктің жерлерінде (Семей филиалының, Талицкий орманшылығының 83 квартал ауданында) өрт анықталды. Өрт туралы ақпарат дереу жердегі өрт сөндіру қызметтеріне өртті оқшаулау және жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін жіберілді. Уақытылы анықталған және қабылданған шаралардың арқасында өрт 2 га алаңда жойылды.