Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылғы 23 сәуірде болған өрт туралы ақпарат
2020 жылғы 25 сәуірде Өрт апатына қарсы күрестің үшінші тәулігінде Грачев орманшылығының аумағына өтіп, "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Долон филиалының басқа орманшылықтарына тараған өртті толығымен ауыздықтауға қол жеткізілді. Өрттің таралуына жол бермеу мақсатында оқиға орнында жедел штаб құрылды, барлық қажетті резервтер мен қызметтер іске қосылды, жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Өртті сөндіру тәулік бойы жүргізілді. Өрт Нұр-сұлтан қаласы бойынша сағат 19:00-де, 3948 га алаңда ауыздықталды. Барлық жұмылдырылған қызметтердің мамандары ұйымшылдықпен әрекет етті және өрт апатына қарсы күресте жоғары кәсіби деңгейін көрсетті.