Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылғы 23 сәуірде болған өрт туралы ақпарат

Екінші тәулікте Грачев орманшылығының аумағына өткен және "Семей Орманы"мемлекеттік орман табиғи резерватының Долон филиалының басқа орманшылықтарына жайылған орман өртіне қарсы күрес жүріп жатыр. 24 сәуірде ірі орман өртін сөндіру үшін "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ми-8 және Ми-2 тікұшақтарына қосымша Өскемен қаласы әкімдігінің Ми-8 және "Қазавиаорманқорғау"РМҚК Ми-26Т тікұшақтары тартылды. Өрт ошағына 50 мақсатты су жіберу орындалды, жалпы тоннаж 312.5 тонна су. Өртті сөндіруге 400-ден астам адам мен 70-тен астам техника жұмылдырылды, олардың ішінде: Өскемен және Бөкебай авиациялық бөлімшелерінің жеке құрамы, "Семей Орманы" және "Ертіс Орманы" МОТР күштері мен құралдары, облыстық ТЖД, Ұлттық ұлан, Семей қаласының өрт сөндіру бөлімдері және басқалары. Өрттің шамамен ауданы 3500 га.

 

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға