2020 жылғы өрт қауіпті маусымда Жамбыл авиациялық бөлімшесінде орман авиациялық жұмыстарды орындау үшін Partenavia P. 68 ұшағы жұмылдырылды
Partenavia P. 68 моделіндегі ұшақта қуатты қондырғы ретінде Lycoming io-360-A1B6 екі поршеньді авиақозғалтқышы (ұшақ нұсқаларының бірі) қолданылады, олардың әрқайсысының қуаты 200 а.к., бұл өз кезегінде ұшу аппаратына шамамен 320 км / сағ ұшудың жоғары жылдамдығын (модификациясына байланысты), сондай-ақ жоғары жүк көтергіштігін қамтамасыз етеді. Partenavia P. 68 ұшағының кейінгі нұсқаларында турбовинттік күштік қондырғы да пайдаланылуы мүмкін, соның арқасында жылдамдық, ұшу қашықтығы – 2110 км дейін, ең жоғары жүк көтергіштігі – 660 кг дейін және ең жоғары ұшу биіктігі - 5850 м дейін айтарлықтай өсті. Қазавиаорманқорғауда Partenavia P. 68 ұшағы орман авиациялық жұмыстарды, сондай-ақ табиғат қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілетін браконьерлік, аң аулау және балық аулау ережелерін бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған авиарейдтерді жүргізу үшін пайдаланылады.