2020 жылғы 31 тамызда орман авиациялық жұмыстары жүзеге асырылды
2020 жылғы 31 тамызда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Көкшетау авиациялық бөлімшесінің мамандары
"Көкшетау" МҰТП РММ өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану
ережелерінің сақталуын бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін
анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен
қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.