2020 жылғы 2 қыркүйекте орман авиациялық жұмыстары жүзеге асырылды
2020 жылғы 2 қыркүйекте "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Павлодар авиациялық бөлімшесінің мамандары "Ертіс Орманы" МОТР РММ өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты бірлесіп аралап шықты. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.