2020 жылдың 7 қыркүйегінде өрт шықты
2020 жылдың 7 қыркүйегінде Қарқаралы авиациялық бөлімшесі қорғалатын аумақтың авиациямен қарауылдау барысында Қарқаралы МҰТП, Кент орманшылығының 184 кварталына қауіп төндіретін дала өрті табылды. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің өрт десантшылары және жердегі орман күзеті мемлекеттік орман қорына қауіп төндіретін тұтануды дер кезінде анықтап, жедел сөндіру бойынша шаралар қабылдауы мемлекеттік орман қорына залал келтірмей, тұтануды уақытылы жоюды қамтамасыз етті.