2020 жылғы 9 қыркүйекте орман авиациялық жұмыстар (авиарейд) жүзеге асырылды
2020 жылғы 9 қыркүйекте "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Алматы авиациялық бөлімшесінің мамандары Алматы облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен және Іле-Аалатау МҰТП жедел тобымен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың (авиарейд) бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.