2020 жылдың 11 қыркүйегінде Ақмола авиациялық бөлімшесінің қызметкері профилактикалық дәріс өткізді

2020 жылғы 11 қыркүйекте халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Ақмола авиациялық бөлімшесінің ӘПК нұсқаушысы А.С. Трубицын Ақкөл аудандық білім бөлімінің "№1 балабақша" МКҚК қызметкерлері арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Балабақша қызметкерлері ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың іс-әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.

Популярные новости


Алматы қ., Абай к-сі, 32/2
Тел.: +7 (727) 346-13-71
Е-mail: airbar@list.ru
Жоғарыға