2020 жылдың 11 қыркүйегінде өрт шықты
2020 жылдың 11 қыркүйегінде Шалдай филиалы Галкин орман шаруашылығының 97 кварталына қауіп төндіретін дала өрті табылды. Өрт орнына жер үсті күштеріне көмектесу үшін Павлодар авиациялық бөлімшесінің өрт сөндірушісі-2 десантшы қонды. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп жойылды. Өрттің ауданы шамамен 1 га құрады, тұтануды оқшаулауға барлығы 10 адам жұмылдырылды, оның ішінде Павлодар авиациялық бөлімшесінің 2 десантшысы-өрт сөндірушісі, 3 бірлік техника, тікұшақ.