Орманды өрттен қорғаймыз
Әулиекөл ауданында 2005 жылдан бастап "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қостанай авиабөлімі орналасқан, оның басты мақсаты Қостанай облысының орман шаруашылығы мекемелері мен Науырзым мемлекеттік қорығының аумағында орман өрттерін уақтылы анықтау және сөндіру болып табылады. Орман өрті-біздің ормандарымыздың басты жауы, жылдан жылға ол ондаған және жүздеген гектар жасыл кеңістікті алып жатыр. Өрттің негізгі себептері-найзағай және адам факторы. Ормандағы отпен абай болыңыз! Өрттің алдын алу-әркімнің азаматтық борышы! Орманда және орманмен шекаралас аймақта кез келген тұтануды байқап, өрт сөндіру бөліміне және "Семиозер орман шаруашылығы мекемесі"КММ хабарлауға тырысыңыз. Тел.: 25-5-05.
Арман Теңізов
"Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қостанай авиациялық бөлімшесінің басшысы
«Әулиекөл» аудандық газеті