2020 жылдың 21 қыркүйегінде Ақмола авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері дәріс өткізді
2020 жылдың 21 қыркүйегінде Солтүстік авиациялық буын командирі Н.Н. Лесной және Ақмола авиациялық бөлімшесінің АӨТ нұсқаушысы А.С. Трубицын "Кеңес" КШК КММ қызметкерлері арасында дәріс өткізді. Дәріс барысында орман өртін сөндіру кезінде авиациялық және жердегі ормандарды қорғау арасындағы өзара іс-қимыл, әуе кемесімен радиоалмасу жүргізу, адамдар мен жүктерді тікұшақтармен тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік техникасы мәселелері айтылды.