2020 жылдың 22 қыркүйегінде өрт шықты
2020 жылдың 22 қыркүйегінде Шалдай филиалының Садықащы орманшылығына қауіп төндіретін дала өрті табылды. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Шалдай филиалының күштері мен құралдары лақтырылды. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК және жер бетіндегі өрт сөндіру қызметтері қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт мемлекеттік орман қорына нұқсан келтірмей ауыздықталды. Өртті ауыздықтауға барлығы 60-тан астам адам жұмылдырылды, оның ішінде Павлодар авиациялық бөлімшесінің 2 десантшысы-өрт сөндірушісі, 20 бірлік техника, тікұшақ.