2020 жылдың 25 қыркүйегінде Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің қызметкерімен профилактикалық дәріс өткізілді

2020 жылғы 25 қыркүйекте халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында авиациялық бөлімшенің ӘПТ нұсқаушысы Е.Б. Сатыбалдин ЖК Бекжанов автомобиль жөндеу қызметтері кешенінде "Қарқаралы МҰТП ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Кешеннің қызметкерлері мен клиенттері ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасқан адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға