"ҚР ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің " талаптарына сәйкес
Өрт қауіпті маусымда орман қоры аумағында жол берілмейді:
1) жас қылқан жапырақты ағаштарда, ескі өртеңдерде, бүлінген орман учаскелерінде (жел сұлатқан, дауыл құлатқан), кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған сүрек бар кеспеағаштарда, шөбі қурап қалған жерлерде, сондай-ақ ағаштар ұшарбасының түбінде от жағуға жол берілмейді;
2) жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын тастауға және темекі шегетін түтіктерден ыстық күлді сілкіп тастауға;
3) аң аулау кезінде тез тұтанатын немесе бықсыған материалдардан жасалған тығындарды пайдалануға;
4) жанар-жағармай заттары сіңген сүрту материалын ол үшін арнайы көзделмеген орындарда қалдыруға;
5) Іштен жану қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрған кезде отын бактарына жанармай құюға, қозғалтқыштың қоректену жүйесі ақаулы машиналарды пайдалануға, сондай-ақ жанармай құйылып жатқан машиналардың жанында темекі шегуге немесе ашық отты пайдалануға тыйым салынады.
Өрт қауіпті жағдайды төмендету мақсатында орман иеленушілер жүргізетін орман қоры аумағында және оған іргелес аумақтарда басқарылатын өртеуден басқа, жердің барлық санаттарында шөптесін өсімдіктерді өртеуге жол берілмейді.
Қалған жерлерде от жағу ені кемінде төрт метр минералдандырылған жолақпен көмкерілген алаңдарда жүзеге асырылады. Алау жермен Мұқият жабылады немесе бықсу толық тоқтағанша сумен толтырылады.
Павлодар авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы Ятченко В. В.
Аудандық "SHARBAQTY" газеті