КӨКТЕН ДЕ ЖЕРДЕН...
Катонқарағай МҰТП жылда көктем айларында өткізіп жүретін орман және дала өртін сөндіру жөніндегі жаттығуын Үлкен Нарын орман шаруашылығының және көршілес Зырян ауданындағы әріптестерін, «Қазавиаорманқорғау» базасының Катонқарағай бөлімшесінің, аудандағы №36 және №37 өрт сөндіру бөлімдерінің өрт сөндірушілерін қатыстыра отырып, біріккен іс-қимылмен кең көлемде жүргізді.
Жаттығуға барлығы жиырмадан астам өрт сөндіру техникалары, екі тікұшақ, оншақты ат, екі жүзге тарта адам күші тартылды. Оған көрші Ресей елінен байқаушылар, ауыл әкімдері арнайы келіп, тілсіз жауды «ауыздықтаудағы» біріккен іс-қимылдардың куәсі болды.
Жаттығуға да өте қолайлы «Үшкүнгей» телімі таңдап алынды. Бір жағы қайың мен терек, қылқан жапырақты ағаш өскен ну орман, екінші жағы ашық беткейлі жота, ортасы ашық алаң жаттығуды өткізуге де, оған басшылық жасауға да таптырмас орын болды.
Жаттығудың ашылуы салтанатты түрде өтті. Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналып, сапқа тұрған өрт сөндірушілер алдында Катонқарағай МҰТП бас директоры Ерлан Мустафин кіріспе сөз сөйледі. Жаттығуға қатысушыларды Алматыдан арнайы келген РМҚК авиациямен орманды қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету қазақ базасының бас директоры Сексенбаев Төлеуғазы, аудан әкімінің орынбасары Жанболат Тыныбеков құттықтады.
Өрттің тұтанғаны туралы дабыл көтерілгеннен кейін, өрт сөндірушілер жіті қимылмен іске кірісті. Биік тау беткейінде тұтанған өртке жүргіштігі
жоғары өрт сөндіргіш машиналар, атты жасақ қарсы барды. МИ-2, МИ-8 тікұшақтарынан десанттар түсіріліп, темір құбырлармен су жеткізілді. Орман ішінде тұтанған өртпен №36, №37 өрт сөндіру бөлімдері мен Зырян, Үлкен Нарын орман шаруашылықтарының өрт сөндіргіш техникалары, адамдары, МҰТП-нің MTЛ шынжыр табанды тракторы ашық айқасқа түсті. Жаттығуға қатысушылардың жақсы дайындығы мен шеберліктерінің арқасында бас аяғы он бес минуттың ішінде он екі жерде болған өрт тоқтатылып, жарты сағатта толығымен жойылды.
Жаттығу қорытындысында сөйлеген сөздерінде Е. Мұстафин, Ж. Тыныбеков өрт сөндірушілердің бірлескен қимылдарына жоғары баға берді. Астаналық мейман, «Қазавиақұтқару» Акционерлік қоғамының Бас директоры М. Досымбеков, Т. Сексенбаев бүгінгі жаттығу жұмысына ризашылықтарын білдіріп, өрт сөндірушілерге осы деңгейлерінен түспей шеберліктерін шыңдап, бірліктерін нығайта берулерін тіледі. Сонымен бірге, ол Ресейден келген қонақтарға да сөз арнап, ортақ мақсат, бір мүддеде ынтымақтастықпен екі елге, екі жерге қызмет өте беруге шақырды.

Жәнібек Қызыр
Катонқарағай ауданының газеті "АРАЙ"
Катонқарағай ауданының газеті "АРАЙ"