2020 жылғы 25 қыркүйекте орман авиациялық жұмыстары (авиарейд) жүзеге асырылды
2020 жылғы 25 қыркүйекте "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақмола облыстық аумақтық инспекция өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың екі фактісі анықталды: мемлекеттік орман қорында грейдер автожолының құрылысы және құрғақ қарағай ағаштарын заңсыз кесу фактісі анықталды.