2020 жылғы 2 қазанда орман авиациялық жұмыстар (авиарейд) жүзеге асырылды
2020 жылдың 2 қазанында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақкөл аудандық табиғатты қорғау полициясының өкілі инспектор Н.Г. Дьяченкомен бірлесіп, табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.