2020 жылғы 4 қазанда орман авиациялық жұмыстар (авиарейд) жүзеге асырылды
2020 жылдың 4 қазанында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары табиғат қорғау полициясы және Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерін сақтауды бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Бірлескен орман авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша заңсыз ауланған бұлан табылды, Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі полиция бөлімінде тіркелді, қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізілуде.