2020 жылғы 9 қазанда орман авиациялық жұмыстар (авиарейд) жүзеге асырылды
2020 жылғы 9 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары
Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану ережелерін сақтауды
бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында
қорғалатын аумақты бірлесіп ұшуды орындады. Жолай, авиарейд барысында тұяқты
жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін есепке
алу жүргізілді. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын
бұзушылықтар анықталған жоқ.