2020 жылғы 9 қазанда орман авиациялық жұмыстар (авиарейд) жүзеге асырылды

2020 жылғы 9 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Баянауыл авиациялық бөлімшесінің мамандары Баянауыл МҰТП өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында ұлттық парктің аумағын аралап шықты. Авиациялық патрульдеу барысында мемлекеттік босалқы жер аумағында дала өрті анықталды. Өрт туралы ақпарат өртті оқшаулау шараларын қабылдау үшін дереу жердегі өрт сөндіру күштеріне берілді. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға