2020 жылғы 9 қазанда орман авиациялық жұмыстар (авиарейд) жүзеге асырылды
2020 жылғы 9 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Көкшетау авиациялық бөлімшесінің мамандары
Ақмола облыстық аумақтық инспекция өкілі басшының орынбасары Е. Н.Құтпанбаевпен
бірлесіп табиғатты пайдалану ережелерін сақтауды бақылау және табиғатты қорғау
заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен
ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын
бұзушылықтар анықталған жоқ.