2020 жылғы 10 қазанда орман авиациялық жұмыстар (авиарейд) жүзеге асырылды
2020 жылғы 10 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Өскемен авиациялық бөлімшесінің мамандары ШҚО ІІД КҚПБ өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерін сақтауды бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты бірлесіп аралап шықты. Бірлескен орман авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша: тіркелмеген қаруды қолданумен заңсыз аң аулау фактісі, сондай-ақ тыйым салынған жерлерде балық аулаудың екі фактісі анықталды. Аталған фактілер бойынша әкімшілік іс жүргізу материалдары ресімделді.