2020 жылғы 14 қазанда орман авиациялық жұмыстар (авиарейд) жүзеге асырылды
2020 жылғы 14 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Баянауыл авиациялық бөлімшесінің мамандары "Браконьер" айлық операциясын жүргізу шеңберінде Баянауыл ПБ табиғат қорғау полициясының инспекторы капитан К.Ж. Усеиновпен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.