2020 жылдың 16 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жиналыс өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2020 жылғы 23 қыркүйекте "Қазавиаорманқорғау" РМҚК бас директоры Кесимбаев А.А. төрағалығымен бейнеконференцбайланыс арқылы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға арналған жиналыс өткізілді. Жиын барысында Антикор.лайф ағартушылық штабының мүшесі - Құмғанбаев Жандос Жұмабекұлы  сөз сөйледі.
Қазіргі уақытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясының жобасын әзірледі. Стратегия жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар көзделген, оларды іске асыру сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Аталған агенттік жұмысының басым бағыттары қоғамдық тұрақтылыққа барынша қауіп төндіретін қылмыстарды анықтаумен және жолын кесумен қатар, сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою болып табылады. Мұны агенттік базасында құрылған мамандандырылған ахуалдық орталық та дәлелдейді, ол ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, елдегі криминогендік ахуалдың мониторингін жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды және тиімді әдісі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша профилактикалық, ағартушылық жұмыс болып табылады.
Сонымен қатар, дәріскер "Антикор.лайф" негізгі бағыты ашықтыққа, көпшілікке қолжетімді болуға, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен халықтың кері байланысын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.
Заң бөлімінің басшысы Ж. О. Ибраев мемлекеттік органдар басшыларының "Антикор.лайф" форматында сөз сөйлеуі қаншалықты тиімді деген сұрақ қойды. Дәріскер Ж.Ж. Құмғанбаев бұл сөз сөйлеулер мемлекеттік органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметі туралы ақпараттың ашықтығын, қол жетімділігін қамтамасыз етеді деп жауап берді. 2020 жылы  5 қазанда бас директор Кесмбаев А.А. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бойынша кәсіпорын жұмысы туралы баяндамамен сөз сөйлегені бұл жұмыстың мысалы.
Жиын соңында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК бас директоры Кесимбаев Арман сөз сөйледі:
"Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 52-бабында белгіленген, оның нормаларынан мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс екендігі келіп шығады.
Сонымен бірге, егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті."

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға