2020 жылғы 20 қазанда орман авиациялық жұмыстар (авиарейд) жүзеге асырылды
2020 жылдың 20 қазанында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерін сақтауды бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында ұлттық парктің аумағын аралап шықты. Авиациялық патрульдеу барысында мемлекеттік босалқы жер аумағында дала өрті анықталды. Өрт туралы ақпарат өртті оқшаулау шараларын қабылдау үшін дереу жердегі өрт сөндіру күштеріне берілді. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.