2020 жылғы 23 қазанда Бөкебай авиациялық бөлімшесінің қызметкері профилактикалық әңгімелесулер өткізді

Дәріс барысында жердегі орман күзеті мен "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның өзара іс-қимылына қатысты мәселелер көтерілді, атап айтқанда:
- орман өртін сөндіру кезінде ормандарды авиациялық және жердегі қорғау арасындағы өзара іс-қимыл жасау;
- әуе кемесімен радиоалмасу жүргізу;
- әуе кемесінің қатысуымен өртті оқшаулау және жою кезіндегі қауіпсіздік техникасы.


Сондай-ақ тыңдаушылар орман өртін анықтаудағы сақтық шараларымен, орманда адасқан адамдардың іс-әрекеттерімен, орманға барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.