Орман өрттерінің алдын алу кезінде

"Қазавиаорманқорғау" РМҚК Бөкебай aвиациялық бөлімшесі орманды күзету және қорғау бойынша негізгі міндеттердің бірін орындайды.
Авиаорманқорғаудың басты қағидаты-бұл шағын алаңдарда туындайтын орман өрттерін уақтылы анықтау, оқшаулау, жою. Авиациямен қарауылдаумен қатар ормандардағы табиғат қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау және орман патологиялық бақылау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қызмет көрсетілетін аумақта патрульдеу жиілігі ормандардағы ӨҚК (өрт қауіптілігі класына) сәйкес жүргізіледі. Орман өрттерінің туындау ықтималдығы көбінесе құрғақ, ыстық ауа райында, сондай-ақ құрғақ найзағай кезінде туындайды, бұл Ертістегі белдеулі борларда жиі кездеседі. Орман өрттерінің негізгі себептері отты абайсыз пайдалану, сөндірілмеген алау, темекі тұқылдары мен сіріңкелер болып табылады.
Біздің жұмысымыздың сәттілігі көбінесе жердегі орман күзетімен өзара әрекеттесуге байланысты. Сондай-ақ, ормандарда өрт қауіпсіздігі бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ормандардың өмірі әрқайсымызға байланысты, тек бірлескен күш-жігермен біз табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтаймыз. Орман біздің байлығымыз екенін әрқашан есте ұстаған жөн! Оны өрттен қорғаңыз.

С. К. Мусин, Бөкебай авиациялық бөлімшесінің нұсқаушысы

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға