2020 жылғы 24 қазанда орман авиациялық жұмыстар (авиарейд) жүзеге асырылды
2020 жылдың 24 қазанында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақкөл аудандық табиғатты қорғау полициясының инспекторы Н.Г. Дьяченкомен бірлесіп, табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында аң аулау ережелерін бұзу фактісі анықталды, 382-баптың 1-бөлігі (қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.