2020 жылғы 16 қарашада орман авиациялық жұмыстары (авиарейд) жүзеге асырылды
2020 жылғы 16
қарашада Алматы авиациялық бөлімшесінің мамандары Алматы облыстық аумақтық
инспекциясының өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын
бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында
қорғалатын аумақты аралап ұшуды жүзеге асырды. Авиациямен қарауылдау барысында
табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.