2020 жылғы 18 қарашада "Павлодар облысы аумағында 2020 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындылары" тақырыбында кеңес өткізілді

2020 жылғы 18 қарашада Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында Павлодар ОАИ басшысының төрағалығымен ВКС режимінде "Павлодар облысы аумағында 2020 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындылары" тақырыбында кеңес өтті. Павлодар облысының орман иеленушілері 2020 жылғы өрт қауіпті маусымда атқарылған жұмыстар және ірі орман өрттерінің туындау себептері туралы есеп берді. Облыстың орман шаруашылығы кәсіпорындарын өрт жабдықтарымен жабдықтау бойынша қабылданған шараларға және ірі разрядқа өткен орман өрттерін сөндіру бойынша уақтылы шаралар қабылдамағандарды жазалауға ерекше назар аударылды. 2020 жылғы өрт қауіпті маусымда облыс аумағында жалпы ауданы 2101 га болатын 129 орман өрті тіркелді, Баянауыл МҰТП-де жалпы ауданы 7,9 га болатын 14 орман өрті пайда болды (9 өрт найзағайдан болды, 5 белгісіз себептермен). "Қазавиаорманқорғау" РМҚК атынан кеңеске Баянауыл авиациялық бөлімшесінің басшысы С.Н. Морозов қатысты.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға