2020 жылдың 31 желтоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жиналыс өткізілді

Жиын соңында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК бас директоры Кесимбаев Арман сөз сөйледі:
"Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 52-бабында белгіленген, оның нормаларынан мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс екендігі келіп шығады.
Сонымен бірге, егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті."
Жиналыс соңында кәсіпорын басшылығы "Қазавиаорманқорғау" РМҚК қызметкерлерін келе жатқан 2021 жылмен құттықтады!