2021 жылғы 26 ақпанда мемлекеттік орман қоры және ЕҚТА аумағында 2021 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті

Кеңеске Қарағанды облысында орналасқан табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, орман шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің, ұлттық табиғи парктердің өкілдері, ТЖБ өкілдері қатысты. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК кәсіпорнынан кеңеске Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің басшысы Т. В. Плотников қатысты.