2021 жылғы 16 наурызда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларына арналған жиналыс өткізілді

2021 жылғы 16 наурызда Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларына арналған бейнеконференцбайланыс арқылы жиналыс өткізілді.

2015 жылғы 18 қарашада "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңы қабылданды, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа шаралары, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау көрініс тапты. Бұл механизм бүгінде кеңінен қолданылады және іс жүзінде өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: "ешкім заңнан жоғары бола алмайды. Орталықта да, жергілікті жерлерде де бірінші басшылар сыбайлас жемқорлыққа тартылған өздерінің бағыныштылары үшін жауап береді. Бұл ретте, шара постфактум емес, кешенді және жүйелі алдын алу тетіктерін әзірлеу қажет". Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау-бұл сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, ол өз кезегінде сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Бір ерекшелігі, біріншісін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган, ал екіншісін өз қызметінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері дербес жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері әрбір мемлекеттік органның, ұйымның қызметінде бар екенін және сыртқы және ішкі талдау сияқты тиімді тетік ең жағымсыз салдарларды уақтылы болдырмауға мүмкіндік беретінін атап өту қажет. Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бұл шаралар тиімді болып табылады және нормативтік-құқықтық актілерде де, талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға