2021 жылғы 17 наурызда Нұр-сұлтан қаласында "Орлан-10 Е" пилотсыз ұшу аппараттары бар көпфункционалды кешеннің тұсаукесері өтті

Конференция барысында "Қазавиақұтқару" АҚ (Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға авиациялық қызметтер көрсету және азаматтық авиация саласындағы өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру) және "Қазавиаорманқорғау" РМҚК (орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар) қызметтерін пайдалану үшін пилотсыз авиацияның мүмкіндіктері айтылды.
"Қазавиаорманқорғау" РМҚК атынан конференцияға Солтүстік әуе буынының командирі Н.Н.Лесной қатысты.