2021 жылғы өрт қаупі бар маусым басталар алдында Ақмола, Бурабай және Баянауыл авиациялық бөлімшелерінің дайындық іс-шаралары

1. Орман қорын күзету және қорғау авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары;
2. Десанттық дайындық;
3. Орманөртсөндіру жабдықтар мен механизмдер;
4. Байланыс және ақпарат;
5. Ормандарды қорғау және орман өрттерін сөндіру;
6. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.


Сол күні Бурабай авиациялық бөлімшесінің аумағында кеңсе ғимараты мен басқа да үй-жайларды қардан тазарту, авиациялық бөлімшені қайта іске қосу жүргізілді.
Өрт қауіпті маусымға дайындық шеңберінде Баянауыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшылары "Қазавиаорманқорғау"РМҚК БАА қызметкерлеріне арналған дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсырды.

