2021 ЖЫЛДЫҢ 13 СӘУІРІНДЕ ЖАМБЫЛ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2021 жылғы 13 сәуірде халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Жамбыл авиациялық бөлімшесінің АӨТ нұсқаушысы А.К. Дүзенов ШЖҚ "Мойынқұм ауданының орталық аудандық ауруханасы" МКК қызметкерлері арасында "орманды өрттен сақта"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.