2021 ЖЫЛДЫҢ 13 СӘУІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
2021 жылғы 13 сәуірде Жамбыл авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері күзетілетін аумақты аралап шықты. Әуе патрульдеу барысында Меркі КММ Сарықоба орманшылығының 19 кварталына қауіп төндіретін дала өрті анықталды. Өрт шыққан жерге тікұшақтың көмегімен өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіруші десантшылар жеткізіліп, қонды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 2 га алаңда ауыздықталып, жойылды, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп жойылды. Өртті ауыздықтауға және жоюға Жамбыл авиациялық бөлімшесінің тікұшақ, 2 өрт сөндіруші-десантшысы жұмылдырылды.