2021 ЖЫЛҒЫ 12 СӘУІРДЕ ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2021 жылдың 12 сәуірінде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп, күзетілетін аумақты бірінші рет аралап шықты. Авиациямен қарауылдау мақсаты өрт қауіпті маусым басталғанға дейін күзетілетін аумақта туындаған өрттерді тіркеуді жүргізу болды. Авиациямен қарауылдау барысында орманшылықтармен және ҚМУ инспекторларымен радиобайланыс тексерілді. Мүмкін болатын төменгі өрттердің таралуына кедергі келтіретін және жұмыс істеп тұрған ошақтарды оқшаулау кезінде тірек желілері бар өртке қарсы жолдардың жай-күйін тексеру жүргізілді. Орман өрттерінің пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында бақыланатын күйдіру жүргізуді бастау үшін жағдай нақтыланды. Мемлекеттік орман қорының аумағын және оған іргелес жатқан мемлекеттік қор жерлерін қарау кезінде тұрақты авиациямен қарауылдауды бастау қажеттігі тексерілді.