2021 ЖЫЛДЫҢ 16 СӘУІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
2021 жылғы 16 сәуірде
Павлодар авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері Ми-2 тікұшағымен күзетілетін
аумақты ұшып өтті. Әуеде қарауылдау барысында Бауртал орманшылығының, Шалдай филиалының
57 орамының аумағында өрт шықты. Өрт шыққан жерге Павлодар авиациялық
бөлімшесінің 3 өрт сөндіруші-десантшысы, Шалдай филиалының 15 адамы және өртті
сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін 4 бірлік техника
жіберілді. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 1,15 га алаңда
ауыздықталды, өрт 2021 жылғы 17 сәуірде жойылды.