2021 ЖЫЛДЫҢ 23 СӘУІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
2021 жылғы 23 сәуірде Ақмола авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері күзетілетін аумақты аралап шықты. Авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік орман қорына қауіп төндіретін дала өрті анықталды. Өрт шыққан жерге тікұшақтың көмегімен өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіруші десантшылар жеткізіліп, қонды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0,3 га алаңда ауыздықталып, жойылды, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп жойылды. Тұтануды оқшаулау және жоюға: тікұшақ, Ақмола авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы жұмылдырылды.