2021 ЖЫЛДЫҢ 28 ТАМЫЗЫНДА КАТОНҚАРАҒАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2021 жылғы 28 тамызда халықты ақпараттандыру бойынша Бағдарлама шеңберінде Катонқарағай авиациялық бөлімшесінің ӘПТ нұсқаушысы Д.Ю. Блинов "Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы" қоғамдық қоры ұйымының қызметкерлері арасында өртке қарсы тақырыпта алдын алу дәрісін өткізді. Ұйым қызметкерлері ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасқан адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Дәріс соңында қатысушыларға үгіт-насихат парақшалары таратылды.