2021 ЖЫЛДЫҢ 6 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
2021 жылдың 6 қыркүйегінде Ақкөл ҚМУ Ақкөл орманшылығының 27 кварталында өрт шықты. Өрт болған жерге Ақмола авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.