2021 ЖЫЛДЫҢ 7 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ БАЯНАУЫЛ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨРТТІ АНЫҚТАДЫ
2021 жылғы 7 қыркүйекте Баянауыл авиациялық бөлімшесінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Баянауыл МҰТП Баянауыл орманшылығының 63 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт орнына ТБЖ көмегімен Баянауыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшылары өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін түсірілді. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен күрделене түсті. Өрт орнына қосымша жердегі орман күзетінің күштері мен құралдары жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталды.