2021 ЖЫЛДЫҢ 9 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
2021 жылдың 9 қыркүйегінде Новошульба филиалының Успен орманшылығының 60-кварталында өрт шықты. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Бородулиха авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.